Тобыл әуені
Қостанай облысының оқушыларын вокалдық байқауға қатысып, өз талантын көрсетуге шақырамыз!

ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

БАЙҚАУ ТУРАЛЫ
«Тобыл әуені» — Қостанай облысының мектеп оқушыларына арналған онлайн ән байқауы.
Жоба әрбір дарынды баланың өз қабілетін қашықтан, өз қаласынан немесе ауданынан шықпай-ақ көрсетуіне мүмкіндік береді.

Форматы

Байқау толықтай онлайн форматта өтеді.
Қатысушы өнер көрсетудің бейнежазбасын дайындап, өтінім нысаны арқылы жібереді.

Ұйымдастырушы

«Тобыл әуені» шығармашылық жобасы:
  • өтінімдерді қабылдайды;
  • қазылар алқасын жасақтайды;
  • нәтижелерді шығарады;
  • марапаттарды рәсімдейді;
  • қатысушыларға кеңес береді.

Қатысушылар

Қостанай облысының қалалары мен аудандарының мектеп оқушылары.
Байқау жеке вокалдық орындау түрінде өткізіледі.
Бір қатысушы бірнеше номинацияда өнер көрсете алады.

Жас топтары

  • 1–4 сынып
  • 5–7 сынып
  • 8–11 сынып

Номинациялар

  • Эстрадалық вокал
  • Халық вокалы
  • Патриоттық ән

Өткізу мерзімдері

  • 2026 жылғы 29 наурызға дейін — өтінімдерді қабылдау
  • 30 наурыз – 14 сәуір — қазылар алқасының жұмысы
  • 15 сәуір 2026 ж. — нәтижелерді жариялау

Қатысу тәртібі

Өтінім нысанын толтырып, бейнежазба сілтемесін жіберу қажет.
Сайт: tobylaueni.asia
WhatsApp: +7 707 844 42 91
Өтінім расталғаннан кейін қатысу жарнасын төлеп, төлем растамасын жіберу қажет.

Бейне және орындау талаптары

  • Бір бейнеде — бір шығарма (ұзақтығы 3 минутқа дейін).
  • Бейне анық, дыбыс таза болуы тиіс.
  • Орындау монтажсыз, бір дубльмен жазылады.
  • «Минус» фонограмма немесе тірі сүйемелдеу рұқсат етіледі.
  • «Плюс» фонограмма қолдануға тыйым салынады.

Қатысу жарнасы

6 000 теңге (бір өтінімге).
Құнына:
  • байқауға қатысу;
  • қазылар алқасының бағалауы;
  • электрондық диплом кіреді.

Педагогтарға жеңілдік

  • 3–4 қатысушы — −10%
  • 5–9 қатысушы — −15%
  • 10 және одан көп — −20%

Бағалау өлшемдері

(10 баллдық жүйе)
  • вокалдық шеберлік
  • интонация тазалығы
  • артистизм және сахналық мәдениет
  • репертуар күрделілігі
  • көркемдік бейнелілік
  • жас ерекшелігіне сәйкестік
  • жалпы көркем әсер

Марапаттау

  • Гран-при
  • I, II, III дәрежелі лауреаттар
  • Дипломанттар
Барлық қатысушылар электрондық диплом алады, педагогтарға алғыс хат табысталады.
Қосымша тапсырыс:
  • рамкалы диплом — 3 000 тг
  • кубок — 5 000 тг (жеткізілімімен)

Қорытынды ереже

Өтінім жіберу — қатысушы мен оның заңды өкілінің осы Ережемен толық келісетінін білдіреді.
Ұйымдастырушы қажет болған жағдайда байқау шарттарына өзгерістер енгізуге құқылы.

Байланыс

Сайт: tobylaueni.asia
WhatsApp: +7 707 211 05 14
Барлық сұрақтар бойынша хабарласыңыз — біз әрқашан көмек көрсетуге дайынбыз!
«Тобыл әуені» онлайн вокалдық байқауына қатысуға ӨТІНІМ БЕРУ ФОРМАСЫ
⚠️ Барлық деректер дұрыс көрсетілуі тиіс — дипломдар өтінімдегі мәліметтер негізінде рәсімеленеді.
Номинация
Өтінім бере отырып, сіз байқау ережесінің шарттарымен келісесіз және жекелей деректерді өңдеуге келісесіз бересіз.
Made on
Tilda